2021 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 35 жыл толды, Кеңес Одағының тарихында болған ең ауыр зардап миллиондаған адамдарға әсер етті, 600 мыңнан астам апатты залалсыздандыру жұмысына қатысқан жандардың тағдырын өзгертті. Олар радиацияның үлкен дозасын алды және бұл олардың денсаулығына өмір бойы із қалдырды.
Бүгін музейде техногенді апатты жоюға қатысушылармен – отставкадағы полиция майоры Әбенов Мұратбек Кенжеғұлов және отставкадағы полиция подполковнигі Калашников Сергей Валентиновичпен кездесу өтті.
Ардагерлермен әңгіме барысында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері кенеттен болған сұмдық трагедия туралы, әлемді құтқару үшін өмірі мен денсаулығы қатерге тігіп, көзге көрінбейтін радиациялық апаттың алдында тұрғандардың батылдығы мен ерлігі туралы оқиғаны үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар радиацияның үлкен дозасы әсерінен қайтыс болғандарды, Чернобыль АЭС-ін залалсыздандыруға қатысқан қаһармандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.