Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ерлікке тағзым» - Кеңес Одағының Батыры, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы Л.П.Телятниковтің туғаны 70 жыл толуына арналған көрме

20.04.2021
«Ерлікке тағзым» - Кеңес Одағының Батыры, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы Л.П.Телятниковтің туғаны 70 жыл толуына арналған көрме

Музей холында Кеңес Одағының Батыры, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы Л.П.Телятниковке арналған «Ерлікке тағзым»  атты көрме  ашылды.

Ол 1951 жылы 25 қаңтарда Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Введенка кентінде дүниеге келді. Мектеп бітіргеннен кейін автожөндеу зауытында электрші болып жұмыс істеді. 1968 жылы Свердлов қаласындағы техникалық-өрт сөндіру училищесіне оқуға түсіп, оны үздік бітірді. Кейін Мәскеудегі Жоғары инженерлік техникалық-өрт сөндіру мектебінде оқыды.

         1986 жылы 25 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі және жанқиярлық әрекеттері үшін ішкі қызмет майоры Леонид Петрович Телятниковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және Ленин орденімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.

         Леонид Телятников - республиканың өртке қарсы қызметінде бейбіт уақытта Кеңес Одағының Батыры құрметті атағын алған жалғыз қызметкер, ішкі қызмет генерал-майоры. 2004 жылы 2 желтоқсанда біздің жерлесіміз Леонид Телятников Киевте қайтыс болды. Ол небәрі 53 жаста еді. Оның есімі ұмытылмайды.