Қостанай жері - біздің тарихымыздың дамуына айтарлықтай үлес қосқан көптеген ұлы тұлғалардың кіндік қаны тамған жер. Олардың есімдерімен Қостанай қаласының көшелері аталады. Бірақ біз олар жайында білеміз бе? Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні қарсаңында музей қызметкерлері қала көшелерінде «Біздің қаламыздың даңқын шығарған кім және не?» атты интерактивті акция өткізді. Қала тұрғындарына, көшеде кездескен жандарға сол көше атауы, олардың туған өлкенің тарихымен сабақтастығы туралы сұрақтар қойылды.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/1048684072289141
https://www.instagram.com/tv/CNuQ0l4A7sp/?utm_source=ig_web_copy_link
https://vk.com/video397862586_456239359