Жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Ұлы дала құпиялары» атты медиа-экскурс өткізді. Іс-шара барысында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері археологиялық ескерткіштердің, ұлы батырлар мен ағартушылардың кесенелерінің ғасырлар бойы сақтаған құпияларымен танысты. Жергілікті маңызы бар киелі орын - Ақ мешіт тарихы да үлкен қызығушылық тудырды.