«Қыз ұзату»

17.04.2013
«Қыз ұзату»

14 сәуір 2013 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қыз ұзату» салт-дәстүрі өткізілді. Адам өміріндегі ең бір қызықты да, қуанышты да ұмытылмас кезең – оның үйленіп, жеке отау тігуі. Ұрпақтарының үлгілі отау құруы – сол жастардың ата-аналары мен ауыл адамдарының ғана тілек-талабы емес, қоғамдық қажеттілік. Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекеттің де мықты болуы мүмкін емес. Сондықтан да біздің мақсатымыз салт-дәстүрлерді қастерлеп, дәстүр мұраларын насихаттау болып табылады.

Іс-шара барысында тойдың негізгі қонақтары - құда-құрағиларды қарсы алып, шашу шашылды. Қыздың жеңгелері қайын сіңілдерінің қолын ұстатып, күйеу жігіттен «қол ұстатар», шашын сипатып «шаш сипатар» сыйлықтарын алды. Бұл, бір жағынан, жастар үшін сын болған. Осы сында қыздың ұяңдығы, ұялшақ, ибалы мінезі, тазалығы мен пәктігі, ал күйеу жігіттің тектілігі, жомарттығы көрінген.

Қоштасу тойының ең басты шарықтау шегіне жететін тұсы-соңы. Яғни, қалыңдықтың алдына «Ақ жол» (таза, адал, жолды білдіретін ақ мата) төселді. Соңында қыз бала туыстарының батасын алып, «Сыңсу» айтып көпшілікпен қоштасты. Әрине бұл жасалған жоралғыларға тәнті болған көпшілік өз ризашылықтарын мұражай қызметкерлеріне білдіріп жатты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін1   Кеше187   Бір аптаның ішінде979   Айында1028   Барлығы175074  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі