Петропавлды құрметпен таныстырамын

30.10.2013
Петропавлды құрметпен таныстырамын

2013 жылы 30 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігінің қорынан алынған «Петропавлды құрметпен таныстырамын» атты айырбас көрменің тұсаукесері ашылды. Көрме екі бөлімнен: Петропавл қаласының тарихы; Солтүстік Қазақстан облысының суретшілері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық туындыларынан тұрады.

Көрмеге келушілер Петропавл қаласының ХҮІІІ ғасырдың 2-жартысынан бергі тарихын: Қазақстанның Ресей империясымен шекарасындағы әскери бекіністің пайда болуы, қала құрылысы, Сібір казактарының өмірі, Петропавлдағы сауда және ХІХ ғ. 2-жартысы ХХ ғ. басындағы халыққа білім берудің қандай болғандығын көре алады.

Көрмеге қала тарихына қатысты сирек кездесетін құжаттар, көпес тұрмысының заттары, фотокамералар және фотоаппараттар, ХІХ-ХХ ғ. түпнұсқа фотосуреттері және бірегей альбомдар қойылған. «Білім беру» бөлімінде құрмет грамоталары, жазу құралдары, ХІХ ғ. оқулықтары, мектеп және гимназия оқушыларының фотосуреттері қойылған.

Көрмеге Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорынан және Петропавл қаласының суретшілері А.Н.Бургаев, С.В.Устинов, С.Я.Райхенберг, В.В.Савельев, В.В.Крестников, Р.Б.Абдрафиков, А.М.Тюрин, В.Н.Денисов, А.Н.Қалдыров, В.П.Гаврилконың жеке жиынтықтарынан 30-дан астам туындылар қойылған.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Оспан Қ. Ә., Солтүстік Қазақстан бейнелеу өнері мұражайының директоры И.М.Паламарчук, ҚР Суретшілер Одағы Қостанай ұйымының төрағасы В.В.Быков, Солтүстік Қазақстан мұражайлар бірлестігінің қызметкерлері, Қостанай суретшілері, облыстық мәдениет және білім мекемелерінің қызметкерлері, Қостанай қаласының тұрғындары және қала қонақтары, жергілікті және республикалық БАҚ-ның журналистері қатысты.

Галерея изображений

petropavl2013_01.jpg petropavl2013_02.jpg petropavl2013_03.jpg petropavl2013_04.jpg petropavl2013_05.jpg
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше116   Бір аптаның ішінде972   Айында1929   Барлығы172374  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі