Көрмеге келушілер Петропавл қаласының ХҮІІІ ғасырдың 2-жартысынан бергі тарихын: Қазақстанның Ресей империясымен шекарасындағы әскери бекіністің пайда болуы, қала құрылысы, Сібір казактарының өмірі, Петропавлдағы сауда және ХІХ ғ. 2-жартысы ХХ ғ. басындағы халыққа білім берудің қандай болғандығын көре алады.
Көрмеге қала тарихына қатысты сирек кездесетін құжаттар, көпес тұрмысының заттары, фотокамералар және фотоаппараттар, ХІХ-ХХ ғ. түпнұсқа фотосуреттері және бірегей альбомдар қойылған. «Білім беру» бөлімінде құрмет грамоталары, жазу құралдары, ХІХ ғ. оқулықтары, мектеп және гимназия оқушыларының фотосуреттері қойылған.
Көрмеге Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорынан және Петропавл қаласының суретшілері А.Н.Бургаев, С.В.Устинов, С.Я.Райхенберг, В.В.Савельев, В.В.Крестников, Р.Б.Абдрафиков, А.М.Тюрин, В.Н.Денисов, А.Н.Қалдыров, В.П.Гаврилконың жеке жиынтықтарынан 30-дан астам туындылар қойылған.
Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Оспан Қ. Ә., Солтүстік Қазақстан бейнелеу өнері мұражайының директоры И.М.Паламарчук, ҚР Суретшілер Одағы Қостанай ұйымының төрағасы В.В.Быков, Солтүстік Қазақстан мұражайлар бірлестігінің қызметкерлері, Қостанай суретшілері, облыстық мәдениет және білім мекемелерінің қызметкерлері, Қостанай қаласының тұрғындары және қала қонақтары, жергілікті және республикалық БАҚ-ның журналистері қатысты.