Жансұлтан Демеев

20.09.2013
Жансұлтан Демеев

2013 жылы 20 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Социалистік Еңбек Ері, комбайншы Жансұлтан Демеевтің 85 жылдығына орай «Диқан болу бақыты» атты сазды-көркем кеш өтті.

Жансұлтан Демеев 1928 жылы Қостанай округі Федоров ауданының Жыланды кентінде дүниеге келген. Еңбектегі жоғары көрсеткіші және шеберлігі үшін 1956 жылы «Қазақ КСР-нің таңдаулы комбайншысы» деген құрметті атаққа ие болды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956 жылы 11 қаңтарда шыққан Жарлығымен 29 жасар Ж.Демеевке Социалистік Еңбек Ері деген атақ берілді.

Іс-шараға Жансұлтан Демеевтің туыстары, ақын, Жазулар және Журналистер Одақтарының мүшесі Жолбарыс Баязит, еңбек ардагері Жақсылық Ғайсин, диқаншының замандастары, журналистер, ЖОО студенттері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты Ж.Демеевтің ерен еңбегіне тоқталып, қазіргі жастарға өнеге етіп көрсету.

Іс-шара барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорындағы Ж.Демеевтің жеке жиынтығынан алынған фотоқұжаттар экраннан көрсетілді.

Сондай-ақ іс-шарада Ж.Баязит, туыстары Ж.Демеев туралы әңгімеледі.

Галерея изображений

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін12   Кеше352   Бір аптаның ішінде892   Айында12   Барлығы309170  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі