СҰЛТАНҒАЗИН ӨМІРЗАҚ МАХМҰТҰЛЫ

(1936 ж., Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Қараоба ауылы - 2005 ж.) - көрнекті ғалым-математик, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі. Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін үздік бітірген.  1978-1989 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының математика және механика институтының директоры болды. Қазақ КСР ҒА-ның вице-президенті, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның президенті (1988-1994) қызметтерін атқарған. 1991 жылдан Ғарыштық зерттеулер институтының директоры. Ө.Сұлтанғазин республикада ғарышкерлікті дамытуға қосқан үлесі мен қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғылыми ұшу бағдарламасын дайындағаны үшін 1992 ж. Ленин орденімен марапатталған.

Ө.Сұлтанғазиннің ғылыми жетекшілігімен ғарышкер Т.Мұсабаевтың ұзақ уақыт орбиталық «МИР» станциясында ұшуына байланысты Ғылым академиясының әр саладағы институттарының ғалымдары жасаған ғылыми тәжірибелер жоспары құрылып, табысты өткізілді.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, Ленин орденімен С.П.Королев атындағы, П.Л.Капица атындағы медальдарымен марапатталды. 2018 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Ө. Сұлтанғазиннің есімі берілді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін221   Кеше259   Бір аптаның ішінде1360   Айында480   Барлығы309638  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі