Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық-көрме залына Ресейдегі Коста-Риканың елшісі Артур Фурнье Фасион келді. Елшінің назарына ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Ұлы есімдер-2», Леонид Игошиннің «Өмірдің өрнекті суреті» және қостанайлық суретшілердің «Пленэр-2017» атты көрмелері ұсынылды.
Экскурсия барысында Артуро Фурнье Фасио суретші-қолөнер шебері Леонид Игошинмен танысып, әңгімелесті. Белгілі қостанайлық кескіндемеші Н.Торшин өзінің авторлық жұмысын сыйға тартты.