Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Белгілі қостанайлық суретші-қолөнер шебері Леонид Игошинмен шығармашылық кездесу

23.02.2018
Белгілі қостанайлық суретші-қолөнер шебері Леонид Игошинмен шығармашылық кездесу

2018 жылдың 23 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде белгілі қостанайлық суретші-қолөнерші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Леонид Игошинмен шығармашылық кездесу өтті.

Леонид Александрович Игошин - танымал шебер-зергер, оның өнері Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал. Ол көптеген облыстық және республикалық көрмелердің, сондай-ақ Мәскеудегі бүкілодақтық көрмелер: «Манеж», «Кеңестік Ресей», «Үлкен Волгадағы» көрмелердің қатысушысы. Леонид Игошиннің туындылары АҚШ, Германия, Бельгия, Франция және Канадада өткен 8 халықаралық көрмелерде қойылды.

Қазіргі таңда Леонид Александрович Игошиннің жұмыстары Алматы, Мәскеу, Киевтің жетекші музейлерінде, сондай-ақ Красное-на-Волге кентіндегі зергерлік және халықтық қолданбалы өнер музейінде және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығында сақталған.

Шығармашылық кездесу барысында Леонид Александрович Игошин әріптестеріне, өнер әуесқойларына, ҚМПИ-дің студенттеріне, көркемсурет мектебінің оқушыларына өзінің өмірі, шығармашылық жолы және жұмыстары туралы айтып, сауалдарға жауап берді.