2018 жылдың 28 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ел мақтанышы - Астана» атты көрме ашылды. Көрме Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Көрмеге бас қаламыз – Астананың 20 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңдерін бейнелейтін суреттер қойылды, сондай-ақ музей қорынан кітаптар мен еліміздің бас қаласы - Астананың тарихына қатысты жәдігерлер қойылды.
Бүгінде Астана – ҚР әкімшілік орталығы әрі елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы тұрмысты қамтамасыз ететін қауырт даму үстіндегі қалалық инфрақұрылымы бар үлкен шаһар. Нысандарының нақышы мен қала тұрмысының орныққан мәнері жағынан Астана толыққанды елорда әрі дамыған инфроақұрылымы бар қала болып қалыптасты.