Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылдың 1 наурызында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдаламасын іске асыру аясында алғыс айту күніне арналған интерактивті-көрмелік акция өтті.
Қостанайлықтар мен қала қонақтары назарына «Ел мақтанышы – Астана» атты көрме ұсынылды. Жаңа экспозицияда астананың көрікті жерлерінің фотосуреттері, сонымен қатар қостанайлық суретшілер Ю.Новоселов пен А.Сәпиевтің кескіндеме туындылары көрсетілген.
Іс-шара барысында музей қонақтары - Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық институттың студенттері 2016 жылдың 14 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен жариялаған жаңа мерекенің тарихымен танысты. Телеэкранда Астанада алғыс айту күнін мерекелеу туралы бейнефильм көрсетілді.
Музейге келушілерге өздерінің туыстарына және жақындарына алғыс айту мүмкіндіктері берілді. Қостанайлық сәнді-қолданбалы өнер шеберлерімен - Людмила Распоповамен және Үміт Бығысбаевамен кәдесыйлар жасап, өздерінің мейірімділігі мен сүйіспеншілігін көресетіп алғыстарын білдірді.