Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Л.И. Русин атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларының «Дәстүрді сақтай отырып» атты көрмесінің ашылуы

02.03.2018
Л.И. Русин атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларының «Дәстүрді сақтай отырып» атты көрмесінің ашылуы

2018 жылдың 2 наурызында «Дәстүрді сақтай отырып» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмеде Л.И.Русин атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларының 80-нен астам кескіндеме және графикалық жұмыстары ұсынылды.

Леонид Иванович Русин ҚР халыққа білім беру ісінің үздігі, Қостанайдағы А.И.Никифоров атындағы мамандандырылған көркемсурет мектебінің құрылуының бастамашысы және 26 жыл бойы директоры болып тұрақты қызмет атқарды. Л.И.Русин көп жылдық қалтқысыз қызметі үшін Қостанай Меценаттар клубының арнайы сыйлығымен, Президенттік мәдениет орталығының дипломымен марапатталған. Өзіндік ерекшелігі бар суретші және дарынды педагог Леонид Иванович Русинді есте тұту үшін оның есімімен қалада жеке көркемсурет мектебі ашылды.

2018 жылы Л.И.Русиннің шәкірті Наталья Николаевна Ниязбаева басқарып отырған көркемсурет мектебіне үш жыл толады. Мұнда әр жастағы 200-ден астам оқушылар оқиды. Мектептің алғашқы 14 түлегі бейнелеу өнерімен байланысты мамандықты таңдаған. Мектептің шығармашыл, жоғары кәсіби білікті ұжымында ҚР Суретшілер одағының мүшелері Т.В. Изюмова және А.В. Захарченков, тәжірибелі педагогтар Г.А.Шестакова, Г.А. Никифорова, Д.В. Сәрсенова, В.В. Корпушевская, А.П. Зайнуллина, В.И.Двуреченская және тағы басқалары жұмыс істейді.

«Дәстүрді сақтай отырып» атты көрме бір ай бойы жұмыс істейді.