Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Көктемгі вернисаж» атты қазіргі заманғы сәндік батик өнері арт-жобасының ашылуы

05.03.2018
«Көктемгі вернисаж» атты қазіргі заманғы  сәндік батик өнері арт-жобасының ашылуы

2018 жылы 5 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орай «Көктемгі вернисаж» атты қазіргі заманғы сәндік батик өнері арт-жобасы ашылды.

Көрмеге танымал суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Светлана Каратаеваның (Лисаков қаласы), Галина Надеина, Светлана Медведева, Елена Михайловалардың (Рудный қаласы) туындылары қойылған.

Көрмеде ұсынылған батик техникасындағы жұмыстар - бұл жай ғана сәндік бұйымдар ғана емес, олар әрбір суретшінің қызығушылығынан туындаған өздігінен тіршілік ететін өнер туындылары болып табылады.

«Көктемгі вернисаж» тыңсезім мен шынайы әсер сыйлайды.

Әсем бұйымдарды наурыз айы бойы тамашалауға болады.