Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ана – өмірдің шырағы» атты музейлік мейрамы

06.03.2018
«Ана – өмірдің шырағы»  атты музейлік мейрамы

2018 жылдың 6 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлермен Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің шырағы» атты музейлік мереке өтті.

Кездесуге танымал ақын, журналистика саласының ардагері, тәлімгер, Республикалық «Ажар» сыйлығының, Қостанай облысы меценаттар клубы "Қазына” сыйлығының иегері Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызы; Қостанай облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшесі, Алтынсарин ОМ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, көп балалы ана Гүлжаухар Кәбдікәрімқызы Төлегенова; ғылым саласындағы жоғары жетістіктері үшін ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері (2018 ж), Қостанай облысы Меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының иегері, «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының» лауреаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аграрлық-биология факультетінің доценті Бейшова Индира Салтанқызы шақырылып отыр. Іс-шара барысында танымал жандар өздерінің өмірлері туралы бөлісіп, әйелдердің жанұядағы рөлі пен отбасылық құндылықтар жайында әңгімелесті.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және наурыз айында өтіп жатқандандықтан музей қызметкерлері ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, халқымыздың ұлттық сусыны қымыз, оның пайдасы және түрлері туралы айтып, қымызға қатысты музей қорындағы тері мен ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарды таныстырды..

Галерея изображений