25 қазан – еліміз үшін маңызды даталардың бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы еді. Мереке қарсаңында 2022 жылдың 20 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Менің Отаным Қазақстан» атты музейлік ойын-сабағын өткізді. Ойын 5 турдан тұрды, оған екі команда қатысып, әр қайсысын екі қатысушы таныстырды. Оқушылар Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына байланысты сұрақтарға жауап берді, Отан туралы мақал-мәтелдермен білімдерін тереңдетті, сонымен қатар Қазақстанның белгілі тұлғалары туралы сұрақтар қойылды, соңғы тур «Тарихи даталар мен оқиғалар» Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына ықпал еткен маңызды тарихи оқиғалармен байланысты сөзжұмбақ шешуден тұрды. Балалар қойылған сұрақтарға бір кісідей жауап беріп, республика туралы жақсы білімдерін көрсетті. Интеллектуалды ойын соңында алғыс хаттар табыс етілді.