2022 жылдың 28 ақпанында Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарық жұлдызы» тақырыбында Республикалық тарихи онлайн-конференцияны кітапхана, музей, ЖОО-ның оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырды.
А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы музейдің қор жиынтығы негізінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н.Қ.Оташева баяндама жасады және мультимедиялық тұсаукесер көрсетті.