Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Алғысым шексіз, халқыма!»  Алғыс күніне орай тақырыптық кездесу

01.03.2022
«Алғысым шексіз, халқыма!»  Алғыс күніне орай тақырыптық кездесу

Бүгін, 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні, ол елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған мереке.

Бұл көктем мен алғыс мерекесін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі еріктілерге арнады.

«Алғысым шексіз халқыма» тақырыптық кездесу барысында еріктілер оларды күн сайын игі істерге не шабыттандыратынын, олардың көмегі басқа адамдардың өміріне қалай әсер ететінін, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде құқық қорғау органдарына және біздің елімізде тұратын түрлі елдерден ондаған адамдарға туыстарымен байланысу үшін көрсеткен қолдаулары туралы айтты.

 

№6 жалпы білім беретін мектептің оқушылары уақытты тиімді өткізіп, еріктілік қызметке үлкен қызығушылық танытты.