2022 жылдың 28 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н.Қ.Оташева көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы» тақырыбында онлайн-конференцияға қатысты. Конференция Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы негізінде өткізілді.
Н.Қ.Оташеваның «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан А.Байтұрсынұлы жайында материалдар» тақырыбындағы баяндамасын мәдениет саласының қызметкерлері және Ақтөбе қаласының №52 орта мектебінің оқушылары қызығушылықпен тыңдады. Конференция барысында музей қорындағы материалдар негізінде А.Байтұрсынұлы туралы мультимедиялық тұсаукесер көрсетілді.