25 маусымда «Қостанай таңы» қоғамдық-саяси газетінің жарық көргеніне 100 жыл толады. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында газет тарихы, газет редакторлары М.Сералин, З.Рүстемов, Х.Өзденбаев, Қ.Бекқожин, С.Әбдібеков, жауапты хатшысы Б.Майлин және т.б. журналистер туралы әңгімеледі. Көрермендер назарына музей қорынан құжаттар мен фотосуреттер көрсетілді.