Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық суретші, «Шебердің қылқалам өрнектері» авторлық мерейтойлық дербес көрменің авторы, суретшілер одағының мүшесі Николай Васильевич Торшинмен шығармашылық кездесу

15.06.2022
Қостанайлық суретші, «Шебердің қылқалам өрнектері» авторлық мерейтойлық дербес көрменің авторы, суретшілер одағының мүшесі Николай Васильевич Торшинмен шығармашылық кездесу

2022 жылдың 13 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің картина галереясының экспозиция залында қостанайлық суретші, «Шебердің қылқалам өрнектері» авторлық мерейтойлық дербес көрменің авторы, Суретшілер одағының мүшесі Николай Васильевич Торшинмен шығармашылық кездесу болды.

Көрме авторымен кездесуге болашақ суретшілер -  А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің 2 сынып оқушылары келді. Оқушылар жетекшілері, белгілі суретші-қолөнерші және оқытушы Дмитрий Александрович Шалуновпен бірге келді. 

Қонақтар кездесуде суретші Николай Торшиннің өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерін тыңдап, сұрақтар қойды. Кескіндемеші Н.Торшин өзімен бірге әр жылдарда орындалған 40 бет сурет ала келген. Николай Васильевичтің  шығармалары балалардың көркемдік талғамы мен шығармашылығын дамытудың тамаша үлгісі болып табылады. Кездесу соңында суретшінің суреттері мен кескіндеме жұмыстары ұсынылған екінші залға қысқаша экскурсия жасалды.

 

Николай Васильевич Торшин - туған жерінің әсемдігіне ғашық болған, оны жан-жақты және асқан нәзіктікпен суреттеген классикалық мектептің кескіндемешісі. Оның поэтикалық пейзаждары күн нұрына бөленіп, үміт сезімі мен жылы естеліктер жеткізеді. Осының барлығын суретші - «Шебердің қылқалам өрнектері» атты мерейтойлық жеке көрмесінің авторымен кездесуде қонақтар көріп, сезінді.