Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Біз өмірді таңдаймыз» - Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай әңгімелесу сағаты.

17.06.2022
«Біз өмірді таңдаймыз» - Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай әңгімелесу сағаты.

2022 жылдың 17 маусымында Бүкіләлемдік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Мичурин жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін «Біз өмірді таңдаймыз» атты әңгімелесу сағатын өткізді. Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Айгүл Қабденқызы Ерәділова және музей қызметкері есірткінің адам психикасы мен мінез-құлқына қалай әсер ететіні, оны қолдану мен тарату қандай әкімшілік жазаға әкеп соғатыны туралы айтты. Шара барысында балалардың назарына бейнеролик ұсынылып, осы тақырып бойынша ақпараттық бүктемдер таратылды.

 

Іс-шараның мақсаты: нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау.