Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Әулие-Никольский шіркеуі

11.02.2020

Ұзынкөл ауданы, Пресногорьков ауылындағы Әулие-Никольский шіркеуі - Қостанай облысы аумағындағы ең көне православие шіркеуі, жергілікті маңызы бар киелі нысан. Үлкен шіркеу шойтас пен күйдірілген кірпіштен 1799 жылы жергілікті тұрғындардың қайырымдылығына салынды. Құрылыс кезінде қабырғалардың беріктігі үшін алебастр мен жұмыртқа ақуызы қосылған ерекше қоспаны пайдаланған. Архив мәліметтері бойынша «шіркеу екі атқа ие болған - Әулие Николай Чудотворец және Қазан Құдай Ана деп аталып, ағаш дуалмен қоршалған».

1935 жылы шіркеу жабылып, астық сақтайтын қоймаға айналады. 1940 жылдары қоңырауы бұзылған. Ғимаратта көптеген жылдар бойы түрлі мекемелер орналасты. 1991 жылдан ғимарат орыс православие шіркеуіне беріліп, Әулие-Никольский храмы діндарлардың садақаларына қайта қалпына келтірілді.

Галерея изображений