Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ақмешіт

11.02.2020

Қостанай қаласының XIX ғасырдың соңындағы діни сәулет ескерткіші - мұсылман мешіті немесе Ақмешіт ғимараты. Ол жергілікті маңызы бар киелі нысан. Мешіт салу бастамасын жергілікті қазақтар, қалада тұратын татар және башқұрт көпестер көтерген. Жаңа мешіттің құрылысына деген негізгі қаражатты бергендер: белгілі татар көпесі мен қайырымдылық жасаушы, Троицкідегі «Ағайынды Яушевтер» сауда үйінің өкілі Әбдулвалей Ахмедханұлы Яушев, Арақарағай болысының басқарушысы Мінайдар Қылышбаев, қажы Есентай болды. Өрнегін жасап әшекейлеуге шеберлер Санкт-Петербург қаласынан шақырылды. Мешіт ғимаратының биіктігі 6 метр болып, екі қабатқа бөлінді. Киіз төселген төменгі қабатта – кедей мұсылмандар, қабырғалары мен едені бар, кілем төселген жоғары қабатта жергілікті ақсүйектер намаз оқыған.

Ғимараттың бастапқы қалпы сақталмаған, өйткені 1920 жылдардың соңында мешіт жабылды. Кеңес өкіметі заманында ғимаратта клуб, эвакопункт, жас көремендер кинотеатры, облыстық филармонияның концерт залы орналасты. 1991 жылы бұрынғы қызметіне қайта оралды. 2016 жылы мешіт жабылып, 2019 жылдан ғимаратта ғылыми-қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Галерея изображений