Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Күнтимес - Шоқан Уәлихановтың туған жері

11.02.2020

Сарыкөл ауданындағы Күнтимес шатқалы - жергілікті маңызы бар киелі нысан. Бұл қарағайлы орманды, дала алқабындағы табиғаты көркем жер. Бұл жерде Аманқарағай округының аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың тұрағы болған, онда 1835 жылы оның баласы - қазақтың ұлы ғалымы, дипломат, ағартушы және саяхатшы Шоқан Уәлиханов дүниеге келген.

Шоқан бала кезінде Күнтиместе ашылған қазақ мектебінде оқыған, ол бастапқы білімді қазақ, қыпшақ-шағатай, араб және парсы тілдерінде алған. Күнтимес ауылында күні бүгінге дейін Уәлихановтар отбасы тұрған деп болжанатын, еуропалық үлгідегі үй іргетасының қалдықтары сақталған. Сонымен бірге, ауыз су және мал суғаруға арналған құдықтардың орны, қираған мешіттің бұрынғы тастары сақталған.

Галерея изображений