Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Батыр Жабағы Ипанұлының жерленген жері

11.02.2020

Бейімбет Майлин ауданындағы халық табынатын жерлердің бірі -Жабағы батыр мазары, ол Әйет өзені жағасындағы биік дөңде орналасқан. Бұл аймақтық маңызы бар, он сегізінші ғасырға жатқызылатын киелі нысан.

 Қыпшақ Қобыланды батырдың тікелей ұрпағы Жабағы батыр Ипанұлы жоңғар және қалмақ басқыншыларымен күресте жауынгерлік ерліктерімен танылған. Жабағы батыр 1722 жылы қаза тапқан. Дүниеден өтер алдында батыр жұртты жинап: «Қалмақтың өліктерін сасытпай, үлкен шұңқыр қазып, бәрін бір жерге көміңдер, ал күні ертең о дүниелік болып кетсем, сол шұңқырдың үстіне оба үйіп, төбеге өзімді жерлеңдер, ата жауымыз тіріліп кетіп жүрмесін, үстерінен басып жатайын»,- деп өсиет еткен. Жабағы батыр зираты шынында да, қарауыл төбеге ұқсайды, биік төбеден туған жеріне қарап, қорған болып жатқандай. Ержүрек батырдың жерленген жеріне, дөңнің басына тастан салынған баспалдақпен көтеріледі. Қорғанның етегінде құлпытас орнатылған. Осы орынға халық жиі тәу етіп келіп, Жабағы батырдың рухына құран бағыштайды.

Галерея изображений