Меңдіқара ауданы, Алқау ауылы қасында Маңдай Байдәулетұлы батырдың жерленген жері бар. Бұл - жергілікті маңызы бар киелі нысан. Ержүрек Маңдай батыр жайлы ел ішінде көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыз бойынша ақ шашты, маңдайы кең болып дүниеге келген. Ақсақалдар баланы «маңдайлы» деп атаған. Халық жадында Маңдай батыр жауға қарсы тұрған ержүрек, қол бастаған батыр ретінде қалған. Абылай ханның туы астында Маңдайдың әскері ірі шайқастар мен жорықтарға қатысқан. Біраз уақыт Абылайдың жеке жасағын да басқарған, дүниеден өткенге дейін туған жерінің шекарасын қалмақтар мен башқұрттардан қорғады.