Жалпы ұлттық маңызы бар діни ескерткіштердің қатарындағы Екідың, Арқалық қаласы төңірегінде Екідың маңында орналасқан. Бұл табиғи тастан салынған ежелгі сәулет өнерінің құрылыстары, пішіні бойынша киіз үйге ұқсас. Іргетасынан бастап шеңберлене қаланып, жоғары көтерілген сайын бүрмелеп өрілген. Есік ойықтары шығысқа қаратылған. Ескерткішті 1959 жылы Әлкей Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Ә. Марғұланның пікірінше, олар VIII-IХ ғасырларға жатады, ертеден ғұрыптық, қасиетті мәнге ие болған.
Екідың Солтүстік Қазақстандағы мұсылмандық кезеңге дейінгі бірегей құрылыс ретінде айтарлықтай ғылыми қызығушылық тудырып отыр. 1980 жылдары бұзылуға айналған дыңдарды жергілікті тұрғындардың жинаған қаражатына қайта қалыпқа келтірген. Жуырда Екідың тағы қайта жаңғыртылды.