Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Мұхамеджан Сералиннің жерленген орны

11.02.2020

ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, ақын, қазақтың тұңғыш журналисі Мұхамеджан Сералиннің жерленген орны Қарабалық ауданында орналасқан. Жергілікті маңызы бар киелі нысан. Мұхамеджан Сералин қазақтың жазба әдебиетінің дамуында маңызды рөл атқарған, тұңғыш «Айқап» журналын шығарды. Кеңес өкіметі жылдарында түрлі баспа редакцияларында жұмыс істеді. Өмірінің соңғы жылдарын Мұхамеджан Сералин туған ауылында өткізіп, оның гүлденуіне үлесін қосты, мұғалім болып жұмыс істеп, мектеп жанынан кітапхана ашты. 1929 жылдың мамыр айында дүние салды, Өрнек ауылына жақын маңда жерленген.

Галерея изображений