Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Кейкі батыр кесенесі

11.02.2020

Амангелді ауданы Тасты ауылынан қашық емес жерде Кейкі батыр кесенесі орналасқан. Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембаев - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің батыры. Құралайды көзге атқан батыр көтерілісте мергендер жасағын басқарды.

Амангелді Иманов және Әбдіғаппар хан өлгеннен кейін Кейкі батыр кеңес өкіметіне қарсы шығып, қуғынға ұшырайды. Ол 1923 жылдың көктемінде қызыл әскердің қолынан қаза тапты. Қазақ мергенінің шабылған басын дәлел ретінде Орынборға жіберіп, кейін Санк-Петрбургтегі Кунсткамераның антропологиялық қорына сақталған. 2016 жылы Кейкі батырдың бас сүйегі Отанына қайтарылып, 2017 жылы жаңа кесенеге қайта жерленді. Кесененің биіктігі 15 метр, күмбезінің басына жарты ай орнатылған. Кесене айналасы қоршалып, іс-шаралар өткізуге және автотұрақ үшін алаңдар қарастырылған.

Галерея изображений