Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Барақ Жанұзақұлы батырдың кесенесі

11.02.2020

Сарыкөл ауданында, Крылов ауылына жақын жерде жалпы ұлттық маңызы бар киелі нысан - Барақ Жанұзақұлы батырдың кесенесі орналасқан. Ол жастайынан өзінің емшілік және болашақты болжайтын қасиеттерімен әулие атанған. Барақ батыр қазақ жерлерін жоңғар және қалмақ шапқыншыларынан азат ету шайқастарына қатысқан. Өзінің адал қызметімен Абылай ханның сеніміне ие болған.

Екі ғасырдан бері Барақ батырдың бейіті жыл сайын көпшілік зиярат ететін орынға айналған. 1996 жылы жаңартылған кесене салтанатты түрде ашылды. Онда Барақ батырды қойған уақыттан бері сақталған, араб қаріптерімен жазылған тас тақта бар. Ескерткіш кешеніне зиярат жасайтын үй және құдық кіреді. 

Галерея изображений