Тың және тыңайған жерлерді игеру оқиғаларын айғақтайтын тарихи ескерткіш. 1954 жылы 28 ақпанда сағат 10.50-де Қостанай бекетіне тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Украинадан комсомолдар мен жастардың алғашқы эшелоны келді.
1979 жылы 27 қарашада Қостанай қалалық атқару комитеті «Алғашқы тың игерушілерді Қостанай қаласына жеткізген паровозға вокзал алаңында ескерткіш орнату туралы» шешім қабылдады. 1980 жылы 23 ақпанда бұл шешім іске асырылды. Паровоз Қостанай вокзалы маңындағы алаңда халықтар достығы нышаны ретінде, Қостанайда көтерілген тың нышаны ретінде орнатылды.
Кейінірек паровоз ескерткіші теміржол вокзалының жанындағы саябаққа ауыстырылды.
Ескерткіш сипаттамасы
Ескерткіш мерзімі: 1980 жыл
Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Т/Ж вокзалының аумағы
ЭУ 702-89 паровозы 30 метрлік рельс жолында орнатылған. «Э» сериялы паровоздар Ресейде шығарылды, Кеңес Одағында 1912 жылдан 1957 жылға дейін шығарылды. Паровоз 1930 жылы құрастырылды. «У» индексі усиленный, яғни күшейтілген паровоз дегенді білдіреді.