Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретші Үкі Әжиевтің 100 жылдығына арналған экскурсия

12.12.2024
Суретші Үкі Әжиевтің 100 жылдығына арналған экскурсия
12 желтоқсанда музейде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Үкі Әжиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт жаңғырығы» атты көрме бойынша экскурсия жүргізілді. Экскурсияға ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасы, Қостанай қаласы филиалының жеке құрамы қатысты. Экскурсия жетекшісі суретшінің өмірімен, шығармашылығымен және оның туындыларымен таныстырды. Көрмеде тың өлкеге арналған «Жомарт жер» көркем туындысы мен акварель пейзаждары, қазақстандық еңбекшілер мен тың игерушілердіңпортреттері ұсынылды. Үкі Әжиевтің туындылары өзінің қарапайымдылығымен, жылылығымен және танылған акварель шеберінің ерекше әсерлілігімен ерекшеленеді.