Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Мен және менің құқығым» құқықтық тілдесу сағаты

10.12.2024
«Мен және менің құқығым» құқықтық тілдесу сағаты
1950 жылдан бастап жыл сайын Адам құқықтары күні 10 желтоқсанда атап өтіледі, 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, әлемдегі ең ықпалды құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуымен «Мен және менің құқығым» атты құқықтық тілдесу сағатын өткізді. Тілдесу сағатына Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ақылбекова Әсел Батырбайқызы, жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Өтегенова Сәуле Төлешқызы, Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Шара қонақтары Әсел Батырбайқызы мен Сәуле Төлешқызы адам құқығы, әйел теңдігі, қоғамдық көзқарасты білдіру, өмір сүру құқықтарына қатысты мәселелерді талқылады. Студенттер адам құқығы жайлы түсініктерін кеңейтіп, көптеген пайдалы мағлұматтар алды.