«Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» - ҚР Тәуелдісздігі күніне арналған брэйн-ринг
13.12.2024
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени білім беру жұмыстары бөлімінің экскурсия жетекшісі
Т.З Мұханбетқали ҚР Тәуелдісздігі күніне орай Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушыларына «Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында брэйн-ринг өткізді.
Брэйн-ринг барысында оқушылар тәуелсіздік жолындағы Қазақстан тарихы мен маңызды оқиғаларға қатысты тапсырмаларды орындады. Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.