Биыл Мысырды билеген мәмлүк сұлтаны, ортағасырлық Мысырдың аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарысқа 800 жыл толып отыр. Осы оқиғаға орай, 2023 жылдың 8 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері ҚР Ұлттық Ұланының 6697 әскери бөлімінің сарбаздарына «Сұлтан Бейбарыс» атты музейлік дәріс оқыды. Шара барысында сарбаздар көрнекті тұлғаның өмірі мен әскери жолы туралы мағлұматтар алды.