Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бахыт Нұрпейісовтің авторлық жұмыстары мен жеке коллекциясының «Өнермен бірлікте» атты көрмесі

11.06.2023
Бахыт Нұрпейісовтің авторлық жұмыстары мен жеке коллекциясының «Өнермен бірлікте» атты көрмесі

2023 жылдың 9 маусымында сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында Бахыт Нұрпейісовтің авторлық жұмыстары мен жеке коллекциясының «Өнермен бірлікте» атты көрмесі ашылды.

Бахыт Нұрпейісовтің бейнелеу өнерін жинауға деген қызығушылығы 2009 жылы басталған. Басында кеңес дәуірінде жасалған фарфор мүсіншелерден бастаған, кейін қазақстандық авторлардың суреттерін жинауды қолға алған.

Он жылдан астам картина жинаған Бахыт Нұрпейісовтің қолында көптеген танымал қазақстандық авторлар Ольга Кужеленко, Ольга Волкова, Алпысбай Қазығұлов, Сергей Анарбеков, Рамазан Мизанбаев Максим Ведерников, ресейлік суретші Юрий Поздняков және тағы басқа да авторлардың жұмыстары бар.

Көрмеге 70-тен астам өнер туындысы қойылды, оның ішінде Бахыт Нұрпейісовтің авторлық жұмыстары да бар.

Коллекционер әрі әуесқой суретші Бахыт Нұрпейісовтің «Өнермен бірлікте» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.