2023 жылдың 14 маусымында «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Жастар-азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі Ұлт-азаттық көтеріліс қолбасшысы Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «Ерлігі елге өнеге» атты аймақтық конференция өткізді. Конференцияға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Б.Е. Жұмабаев қатысып, «А.Имановтың ерлік жолы музей және архив деректерінде» тақырыбында баяндама оқыды.