2023 жылдың 14 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облысының киелі жерлері жайында әңгімеледі. Әңгіме барысында тарихқа толы киелі нысандардың фотосуреті көрсетілді. «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» Қостанай облысынан 10 жалпыұлттық маңызы бар және 28 жергілікті маңызы бар нысандар енген.