Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Әке - асқар тауым» - Әкелер күніне арналған көрме

16.06.2023
«Әке - асқар тауым» - Әкелер күніне арналған көрме

Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау барысында 2023 жылдың 16 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Әкелер күніне орай «Әке - асқар тауым» атты көрме ұйымдастырды.

Көрмеде қостанайлық суретші Шестаков Александр Петровичтің, қазақстандық көркем суретші Аманжолов Мағауия Аманжолұлының, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Арлашин Василий Акимовичтің және Денисов Николай Алексеевичтің музей қорынан алынған картиналары ұсынылды.

Әкелер күні Қазақстанда алғаш рет аталып өтілуде, тақырыптық көрме тұрғындарды осы мереке туралы ақпараттандыруға бағытталды.

Көрермендер назарына әкелерге деген құрмет пен алғысты бейнелейтін -  «Әке мақтанышы», «Қонақтар», «Шопанның отбасы», «Қойшыда қонақта» атты өнер туындылары ұсынылды.

Суретшілердің шығармашылық жұмыстары отбасылық бақыт пен ұлттық дәстүрге деген адалдықты бейнелейді.