Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 110 жыл толуына орай А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі қорынан «Ұлты ұлықтаған батыр» атты көрменің ашылуы
12.03.2025
«Облыс музейлерінің музейаралық байланысы» жобасын жүзеге асыру аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 110 жыл толуына орай 2024 жылдың 12 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі қорынан «Ұлты ұлықтаған батыр» атты көрменінің ашылу салтанаты өтті. А.Имановтың өнегелі өмір жолы Қостанай өңірінің тарихымен тығыз байланысты. 1910 жылы Амангелдінің туған жері Терісбұтақ ауылында оның бастамасымен мектеп салынды. А.Иманов көтеріліске дейін қазақ даласында халық азаттығы үшін күрескер, отарлық тәртіпке қарсы тұлға ретінде танылған.
Көрмеде батырдың жеке бұйымдары, тұтынған тұрмыстық заттары, сарбаздардың қару-жарақтары және суреттері ұсынылды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Көрме Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде12 наурыздан 31 наурыз аралығына дейін жұмыс жасайды.