2025 жылдың 18 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Аманжол Күзембайұлының 80 жасқа толуына орай кездесу кеш өтті.
Аманжол Күзембайұлы 1945 жылы 24 наурызда Қостанай облысының Меңдіқара ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. 1953-1960 жылдары Майлыағаш жеті жылдық мектебінде, кейіннен Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ мектебінде білімін жалғастырды. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсті. Университет қабырғасында қазақ тарихы, археологиясы, этнографиясы, антропологиясы салаларынан арнаулы білім алып, бар ғұмырын Қазақстан тарихы ғылымына арнады.
Кездесу кешінде Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Абдрахманов М.Б., ақын, жазушы, өлкетанушы Оспанов С.О., Меңдіқара ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Таженова Ж.М., тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Исенов Ө.И., тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шалғымбеков А.Б. құттықтау сөз сөйледі.
Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәдениет қызметкерлері және студенттер, оқушылар қатысты.
Кеш барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Меңдіқара және Жангелдин аудандарының Құрметті азаматы, ақын, әнші-композитор Бақытжан Сәуекенов ән шырқап, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Есен Арман «Ерке сылқым» күйін орындады.