Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Абзал жандар» - Халықаралық әйелдер күніне орай кездесу

07.03.2025
«Абзал жандар» - Халықаралық әйелдер күніне орай кездесу
2025 жылы 6 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Абзал жандар» атты іс-шара өтті. Медицина қызметкерлерінің кәсібі қазіргі әлемдегі ең маңызды және сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады, іс-шараның қонақтары ретінде медицина саласындағы ханымдар шақырылды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері К. А. Мальчубаева, интернационалист-медбикелер Л.К. Гервик және Р. М. Анкудимова, облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері А. Л. Корякина Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттеріне өздерінің мамандық таңдауы, еңбек қызметі және медицина қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігі туралы әңгімеледі.