Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Наурыз - жаңару символы» - балалар шығармашылығы көрмесі

18.03.2026
«Наурыз - жаңару символы» - балалар шығармашылығы көрмесі

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Наурыз - жаңару символы» атты көрме ашылды. Көрмеде «Балалар инклюзивті академиясы» қоғамдық бірлестігінің жанындағы бейнелеу өнері үйірмесінің тәрбиеленушілерінің суреттері қойылған.

Көрмеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың («кескіндеме, сурет салу» үйірмесі) 14 шығармашылық жұмысы ұсынылған. Жас қатысушылар өз суреттерінде мерекелік көңіл-күй мен көктемнің ерекше атмосферасын жеткізе білді. Жұмыстар жылы сезімдерге, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне деген құрмет пен туған халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілікке толы. Әрбір жұмыс балалардың әлемді жеке қабылдауын, шығармашылық қиялын және туған жерге деген шынайы көзқарасын бейнелейді.