2026 жылдың 5 наурызында бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында 2026 жылғы Қазақстан құсы — қара сайрақ арналған шағын көрме ашылды. Онда жануардың сыртқы түрі, өмір салты, еліміздегі таралуы туралы материалдар берілген.
Қазақстанда құстарды сақтап қалу мәселесіне жұрт назарын аудару мақсатымен жыл сайын «Жыл-құсы» таңдалады. Биыл орнитологтер бұл атаққа лайық деп құстың екі түрін ұсынған, бірі қара сайрақ болса, екіншісі — баруылдауық үйрек. Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) мүшелерінің 65%-ы біріншісіне дауыс беріп, қара сайрақ 2026 жыл құсы атанды.