Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бақ-береке бастауы – әз Наурыз» - Наурыз мейрамына арналған фольклорлық-этнографиялық мереке

19.03.2026
Бақ-береке бастауы – әз Наурыз» - Наурыз мейрамына арналған фольклорлық-этнографиялық мереке
2026 жылдың 19 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Бақ-береке бастауы – әз Наурыз» атты Наурыз мейрамына арналған фольклорлық-этнографиялық мереке өтті. Іс-шара барысында музей қызметкерлері Наурызды мерекелеудің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы кеңінен айтып, «Балаға ат қою», «Бесікке салу» дәстүрлерін көрсетті. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын ескере отырып, «Бес тас», «Өгіз тартыс» ойындары ұйымдастырылды. Қонақжай қазақ халқының дәстүріне сай, барлық қонақтарға мерекенің басты тағамы — наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.