Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ұлттық киім күні

18.03.2026
Ұлттық киім күні

2026 жылғы 18 наурыз күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Кабдрахманова А.К. «Алау» телеарнасының «Көкейкесті сұхбат» бағдарламасында музей қорындағы қазақ халқының ұлттық киімдері жайлы әңгімеледі.

Бағдарлама барысында ұлттық киімнің қазақ халқы үшін тарихи және мәдени маңызы, дәстүрлі киімдердің әр өңірге тән ерекшеліктері, ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерінің басты айырмашылықтары, сондай-ақ музей қорында сақталған ерекше әрі құнды жәдігерлер туралы кеңінен сөз қозғалды.

Сонымен қатар, ұлттық киімдерде қолданылатын материалдар, әшекей бұйымдар мен ою-өрнектердің мәні, олардың халықтың дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысы туралы айтылды. Көрермендерге музей қорындағы сирек кездесетін киім үлгілері таныстырылып, олардың шығу тарихы мен сақталу ерекшеліктері түсіндірілді.

Бағдарлама ұлттық мұраны дәріптеуге, көрермендердің қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.