Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық мәдениетіне арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің көркем туындыларынан «Қайнар бұлақ» көрмесі

20.03.2025
Наурыз мерекесіне орай  қазақтың ұлттық мәдениетіне арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің көркем туындыларынан «Қайнар бұлақ» көрмесі
Наурыз мерекесіне орай қазақтың ұлттық мәдениетіне арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің көркем туындыларынан «Қайнар бұлақ» көрмесі 2025 жылғы 20 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында қазақтың ұлттық мәдениетіне арналған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің көркем туындыларынан «Қайнар бұлақ» атты көрме ашылды. «Қайнар бұлақ» көрмесі - қазақтың бай мәдениетінен сыр шертетін ұлттық нақыштағы көркемөнер туындылары. Түрлі бағыттағы суретшілердің қазақтың ұлттық тамырынан нәр алуы, әсіресе сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындыларынан айқын көрінеді. Ол ағаш, былғары, жүн, металл және т.б. табиғи материалдарды дәстүрлі өңдеуден байқалады. Халықтық сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығының көрмесінде халық шеберлері мен қолөнершілерінің шығармашылық ізденісінің шексіз таңдауынан туындаған 80-нен астам туындылар ұсынылды. «Қайнар бұлақ» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.