Жыл сайын 1 сәуірде Халықаралық құстар күні атап өтіледі. Осыған байланысты өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Заречный мектеп – лицейінің төртінші сынып оқушыларына «Көктем әуендері» атты іс-шара өткізді. Шара барысында балалар кейбір қоныс аударатын құстардың биологиясының ерекшеліктерімен танысып, олардың дауыстарын тыңдады, соңында әр балаға кәсіпшілік және қорғалатын қаздар мен қарашақаз туралы Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы ұсынған бүктем сыйға тартылды.